385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Павлодардағы балалар техникалық мектебінде болды

  • 690
Мемлекет басшысы Павлодардағы балалар техникалық мектебінде болды фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» шағын ауданы мен Балалар техникалық мектебінде болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасына шағынаудандағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қарқыны туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі балабақша мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар құрылысына арналған нақтылы жобамен танысты. Сондай-ақ, жолдар мен инженерлік коммуникацияны қайта жөндеу, жасыл көшет отырғызу, тұрғын-үйлердің ауласын балаларға арналған алаңмен жабдықтау арқылы абаттандыру қарастырылуда.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан Балалар техникалық мектебін аралап көрді. Онда оқушылар робот жасау, радиоэлектроника, ұшақ және кеме модельдеу негіздері жөнінде білім алып, жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер бойынша бірқатар мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқи алады.

***

Балалар техникалық мектебі ғимаратында заманауи құрылғылармен жабдықталған 15 оқу бөлмесі бар. Мектептен тыс мекеменің қызметі оқушылардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы