386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қазақ күресінен іріктеу жарысы өтеді

  • 856
Алматыда қазақ күресінен іріктеу жарысы өтеді фото: egemen.kz

Алматы қаласында Алматы «Qazаq kuresi» спорт клубының құрама командасына іріктеу жарысы өтпек.

1 қазанда Алматы қаласы «Оқушылар сарайының» спорт кешенінде «Алматы «Qazаq kuresi» спорт клубының» құрама командасына іріктеу жарысы өтеді.

Бұл тартысты додаға 250-ге жуық алматылық балуан қатысып, жеңімпаздар болашақта қала намысын ірі көлемдегі сайыстарда қорғайтын болады.

Жарыс Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының Қазақ Күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес келесі салмақ дәрежелері арасында өткізілмек (55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, 100 + кг).

Турнирдің ұйымдастыру алқасы «Алматы «Qazаq kuresi» спорт клубы» болып табылады. Жарыс Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласының «Алатау» Қазақ Күресі федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Сонымен қатар дода женімпаздары мен жүлдегерлері «Алматы «Qazаq kuresi» спорт клубы» ұсынған медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 

Хабар 24 телеарнасы