385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қалааралық автобус көпірге соғылды (видео)

  • 674

Семейде қалааралық автобус көпірге соғылып, апатқа ұшырады. Бұл туралы қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Оқиға бүгін таңертең 8:00 шамасында болған. «Зайсан-Астана» бағытындағы жолаушылар автобусы Қабанбай батыр көшесіндегі үстінен темір жол өтетін көпірге соғылып, тоқтап қалған. Апат салдарынан көліктің төбесі жұлынып қалған. 4 жолаушы жеңіл жарақат алып, дәрігерлерге көрінгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылыпты. Қазір апат себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы