386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда мешіттерге жасалатын шабуылдар саны көбейген

  • 453

Германияның батысында мешіттерге жасалатын шабуылдар саны күрт артты.

Бұл жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметі. Олар келтірген дерекке сүйенсек, 2016 жылдың екінші жартысында осындай 14 оқиға тіркелген. Олардың екеуі қоғамда қызу талқыға түсті.

Еске сала кетейік, ақпан айында елдің батысындағы Лейпциг қаласында қаскөйлер мешіт салынып жатқан құрылыс алаңына өлген доңыз тастап кеткен еді. Одан кейін Нойнкирхен қаласында бұзақылар мешіт ауласына жанғыш сұйықтық құйылған ыдыстар лақтырған. Елдің федералды полициясының деректері исламшылдыққа қарсы қылмыстар жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Мұнда 2014 жылы осындай 64 қылмыс, ал 2015 жылы 75 оқиға тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы