387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда мыңдаған жұмысшы шеруге шықты

  • 594

Индонезия астанасы Джакарта орталығында мыңдаған жұмысшы ереуілге шықты. Олар үкіметтің салық бойынша қарыздарды кешіру туралы жоспарына қарсы. Айтуларынша, бағдарлама елдің Ата заңына қайшы және үлкен қаржы айналымдарын жасайтын қалталы азаматтардың салық төлеуден жалтаруына жол береді. Үкімет салық қарыздарын кешіру туралы бағдарламаны ел қазынасын толтыру мақсатында қолға алған. Осы арқылы билік елде жарияланбай, шет елдерде жүрген қаржылар үшін алынатын салыққа кешірім жасады. Ал егер кәсіпкерлер ол ақшаны ел дамуы үшін жұмсамаса үлкен көлемде айыппұл төлейді. Бағдарлама осы жылдың шілде айында жүзеге асырыла бастады. Алайда қарапайым тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы.

Саид Икбал, Индонезия Кәсіподақ ұйымының президенті:

- Барлық қарапайым жұмысшылар мен жарлы-жақыбайлар салықты ай сайын уақытылы төлейді. Егер кешіктірсек, айыппұл салады. Бірақ биліктегілер мен бай манаптар төлемесе, ешқандай жазаға тартылмай, кешірім беріледі. Бұл барып тұрған әлідетсіздік.

Хабар 24 телеарнасы