389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Бозшакөл комбинаты негізінде сазды кен фабрикасын іске қосты

  • 731

Елбасының Павлодар облысына сапары тағы бір елеулі сәтпен есте қалды. Еліміздегі ең ірі Бозшакөл комбинаты негізінде сазды кен фабрикасы іске қосылды.

Елбасы пәрмен берген өндіріс қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайды. Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты Үдемелі индустриалды даму бағдарламасы аясында іске қосылған ең ірі өндіріс ошағы. Жылына 30 млн тонна кен өндіретін фабрикада мың жарым адам жұмыс істейді. Өнімдерінің басым бөлігі экспортқа шығарылмақ. Жоспар жүйелі жүзеге асса, кәсіпорын жылына 20 вагон мыс концентратын өндіреді. Бұл өндірісті 40 жылдан астам пайдалану көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы