387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада шәкірт тәрбиесіне қомақты үлес қосқан ұстаздар қауымы құрметке бөленді

  • 878

Ұстаздар күні қарсаңында білім беру ісінің үздіктері ұлықталды.

Елордада өткен салтанатты кеште сауатты шәкірт тәрбиелеп, сала жұмысына қомақты үлес қосқан қызметкерлер құрметке бөленді. Бас қаладағы білім беру мекемелерінде 14 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Көпшілігі ғылыми зерттеу жүргізіп, әдістемелік кітап шығарады. Сала жұмысына озық тәжірибелер енгізіп, саналы ұрпақ тәрбиелейді. Соңғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде елордалық оқушылар орташа 89,2 балл жинап, жоғарғы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ өткен оқу жылындағы білім бәйгелерінен 267 жүлде еншіледі. Жиында жауапты орган өкілдері ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, үздіктерді арнайы төсбелгімен марапаттады. Ал үздік балабақша, үздік мектеп сынды бірнеше байқау жеңімпаздарына қаржылай грант табыстады.

Роза Болатаева, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің директоры:

- Бұл ұстаздардың үлкен еңбегінің арқасында келген қуаныш. Толқып тұрғанымды жасыра алмаймын. Байқауға қатысудың өзі де үлкен жүректілік деп ойлаймын. Оны жеңіп шыға бақыт бізге бұйырған. Байқаудың арнайы талаптары бар. Сол талаптарға сәйкес мектеп өзінің жан-жақтылығын көрсетуге тиісті. Міне, біз соны көрсете алдық. Жеңіп шықтық.

Хабар 24 телеарнасы