386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда блогерлер алғаш рет бас қосты

  • 605
Оралда блогерлер алғаш рет бас қосты

Оралда алғаш рет əлеуметтік желі белсенділері бас қосты.

Олардың қатарында болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей қадағалап, қоғамдық пікір туғызумен қатар жетістік пен кемшілікті де айта білген əлеуметтік желі белсенділері бар. «Мақсатымыз – қоғамда орын алып жататын жағдайларды жұртшылыққа жедел əрі нақты, боямасыз тарату тетіктерін талқылау, заманауи технология мүмкіндігін тиімді пайдалану бағытында еркін пікір алмасу», - дейді ұйымдастырушылар. Басқосу барысында ғаламтор арқылы таралатын ақпараттардың мазмұны, қоғамдағы түрлі құбылыстарды жұртшылықтың қабылдауы мен оған баға берудегі əлеуметтік желінің рөлі сөз болды. «Өмір болған соң сан түрлі оқиғалардың болып жататыны заңдылық. Алайда соны əлеуметтік желі арқылы таратқан кезде барынша абай болған жөн. Əрбір жағымды-жағымсыз жаңалықты бөліскен кезде нақтылыққа баса мəн беру қажет. Блогер болуға талаптанып жүрген жастар осыны ескергені дұрыс», - деп атап өтті сөз алғандар.

Нұрлыбек Рахманов, Гүлфайрус Уəлиахмет сынды жергілікті блогерлер нақты ақпаратпен жедел бөлісудегі шеберлік машықтарын ортаға салды. Қоғамдағы толғақты мəселелерді қаузайтын блогерлер басқосуы алдағы уақытта дәстүрлі өтіп тұрмақ.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы