389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та оқушылар мен ұстаздар белгісіз жарадан құтыла алмай жүр

  • 755
АҚШ-та оқушылар мен ұстаздар белгісіз жарадан құтыла алмай жүр https://twitter.com/realkingrobbo/status/781604475060576257/photo/1?ref_src=twsrc%5Etfw

Калифорния штатының Ориндж округіндегі мектептердің бірін белгісіз дерт жайлады.

Мұнда 30 оқушы мен оннан астам ұстаздың үстін жәндік шаққандай қызыл дақтар басып, қаптап кетті.

Мектеп медиктері ғимараттың ішінде паразиттерге қарсы жүргізілетін шараларды өткізгенімен, жұрттың жарасының қайтатын түрі жоқ, деп хабарлайды СBS Los Angeles.

Мамандардың айтуынша, бұл дақтар маса, бүрге, өрмекші, тіпті кененің шағуынан болмаған.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы