387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалық спортшылар қысқы Универсиадаға дайын

  • 960
Ақмолалық спортшылар қысқы Универсиадаға дайын Фото: ortcom.kz

Ақмолалық спортшылар қысқы спорт ойындарына әзір.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығының ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

ТМД елдері арасында тұңғыш рет Алматы қаласында өтетін бүкіләлемдік XXVIII Қысқы Универсиада-2017 ойындарына әзірлік қазірден-ақ басталып кеткен. Шамамен 55 елдің өкілі қатысатын әлемдік бәсекеде қазақ елі де өз үмітін үкілеп отыр. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шараға 30 мыңнан астам шетелдік турист қатыспақ ниетте. Сондай-ақ төрткүл әлемнің 3500-нан астам кіл мықтылары бас қосатын додада 2 мыңнан астам ерікті қызмет көрсетпек. Жалпы 12 спорт түрлерінен өтетін спорт додасы «Шымбұлақ», «Медеу» сияқты 8 нысанда өткізілетін болады. Универсиаданың басты символы әрі логотипі болып сұңқар бейнесі таңдалып алынған. Аталған шара құрметіне Алматы қаласында «Халық арена» және «Спорт» атты екі жаңа спорт ғимараттары бой көтермек. 

Хабар 24 телеарнасы