389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында су тапшылығы 50 мың текше метрге жетті

  • 1141

Маңғыстау облысында су тапшылығы қазір тәулігіне 50 мың текше метрді құрайды.

Болжам бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылға дейін 70 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы айтты. Қазір қала халқы толығымен сумен қамтамасыз етілсе, ауылдық жерлердің 47 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Тиісті мәселені шешу үшін теңіз суын тұщыландыратын Каспий зауыты жаңғыртылып жатыр. Оның нәтижесінде тәулігіне 5 мың текше метр су тазартатын кәсіпорынның қуаттылығы келер жылы 20 мыңға жетпек.

Нұрбек Қарасаев, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Теңіз суын тұщыландыратын жаңа зауыттардың құрылысына инвесторларды тарту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір Кендірлі аймағында осындай кәсіпорын салатын бір инвестор анықталды. Бұл Жаңаөзен қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы