387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына есеп берді

  • 919

Жыл басынан бері орта және шағын бизнеске берілген несие 35 пайызға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Бүгін Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына осылай деп есеп берді. Кездесу кезінде Данияр Ақышев Ұлттық банктің атқарып жатқан міндеттерін де тілге тиек етті. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,4 пайызды құрады.

Елбасының тапсырмасына сай, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар баға өсіміне жол бермес үшін тиісті шараларды іске асырып жатқанын жеткізді. Мұнай бағасы тұрақтанып, Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы тұрақтанғанын жеткізді. Кездесу соңында Елбасы нақты тапсырмалар берді.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанның қаржы секторына қатысты бірқатар тапсырма берді. Ал мен өз кезегімде Елбасыға валюта нарығындағы жағдай тұрақты екенін жеткіздім. Себебі, мұнай бағасы тұрақтанды. Алдағы уақытта да жағдай бірқалыпты болады деп күтілуде. Сондай-ақ мен жыл басында басталған долларсыздандыру шарасы жөнінде де айтып өттім. Төл теңгеміздегі депозиттердің салымы, шетелдік валютамен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Несиелендіру шарасы да жанданып келеді.

Хабар 24 телеарнасы