387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады

  • 623
Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады wegetarian.ru

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аймағында күн райы құбылмалы болады.

Тек Батыс Қазақстан облысында жауын жаумайды. Оңтүстік Қазақстан мен оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде жаңбыр күтіледі. Солтүстік облыстарда ауаның температурасы күндіз 8-16 градус, батыс өңірлерде 15-25 градусты көрсетсе, оңтүстікте 13-23 градусқа дейін барады. Ал шығыс өңірлерде 8 градустан 16 градус аралығында жылы болады.

Ләззат Керимова, жетекші инженер-синоптик: 

- Астана қаласында алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады. Кей уақыттарда ауаның түнгі температурасы 4-6 градус жылы болса, күндізгі температура 11-13 градус жылыға дейін барады. Алматы қаласында 1-3 қазанда жаңбыр жауады. Ал, 2 қазанда қатты жаңбыр жауады. Ауаның түнгі температурасы 6-8 градус жылы болады, күндіз 16-18 градус шамасында жылы болады.

Хабар 24 телеарнасы