386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін – Халықаралық қарттар күні

  • 4643

Бүгін Халықаралық қарттар күні. Ізгілік пен құрметке негізделген атаулы мерекеге түрлі ұйым өкілдері де атсалысып, алдыңғы аға буынды құттықтап жатыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Зекет» қоры да қадірлі күнді қалыс қалдырмай, қарттар үйінде дастарқан жайып, мереке иелеріне сый-сияпат жасады. Тағдыр тауқыметін тартқан қам көңіл жандарға құрмет көрсету арқылы кейінгі жас ұрпақты мейірімділікке үндейтін іс-шараның тәрбиелік маңызы зор. Қарттар үйінде 100 адамға дастарқан жайған қайырымдылық қорының да мақсаты осы.

 

Мақсат Мұратбек, «Зекет» қорының өкілі:

- Қарттардың көңілін түсірмеу үшін қарттардың сәл де болса, бір күн көңілдерін көтеріп, өмірге деген кішкене талпыныстарын арттыру мақсатында осындай «Зекет» қорының бар екенін де қарттарға таныстыру мақсатында жайылып жатқан дастарқан. 

Хабар 24 телеарнасы