386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да кәсіпкер автобекетті күрделі жөндеуден өткізді

  • 1355

Шығысқазақстандық кәсіпкер өз қаржысына автобекетті күрделі жөндеуден өткізіп, жаңаша жаңғыртып берді.

Қалбатау ауылында жолаушылар аялдайтын бұрынғы нысан 15 жылдан бері қаңырап бос қалған еді. Іскер әйел Гүлнәр Атабаева осы олқылықтың орнын толтырды. Бұл жерден Омбы-Майқапшағай, Алматы-Өскемен бағытына баратын күре жолдар өтеді. Құлағалы тұрған ескі ғимарат қазір адам танымастай өзгерген. Күту залы, кассалар, асхана, қонақ үйі, тіпті ана мен балаға арналған арнайы бөлме де бар.

Талғат Бекқасымов, Қалбатау ауылының тұрғыны:

- Осы шаңырақ керек-ақ болды. Өйткені халық қайдан отырып, қайда барарын білмейтін. Біздегі ауа райын білесіз, ертең келе жатқан қақаған қыс бар. Тоғыз жолдың торабы, қыста жол болмай қалады. Өте қиын болады. Осында қонып, 2-3, 5-10 күнге дейін жататын кез болады. Сол кездерде жататын орын, ішінде жылы жер, өте жақсы.

Хабар 24 телеарнасы