389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында балаларға арналған туризм орталығы ашылмақ

  • 798

Жас өрендерге өңірдің мәдени ескерткіштері мен тамаша табиғатын таныстыруды діттеген орталықта демалысқа келген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де қамтылады.

Осы және өзге де өзекті мәселелер өңірде өткен халықаралық форумда талқыға салынды. Оған отандық туризмді дамытуға мүдделі салалардың 100-ден астам маманы қатысты. «Балалар саяхаты мен экскурсиясы, спорттық туризм және өлкетану қызметіне басымдылық берілу керек», - дейді олар. 

Марат Игалиев, ҚР Инвестиция және даму министрлігі туризм индустриясы  департаментінің директоры: 

- Бастысы, жақсы мамандар, тәжірибелі тәлімгерлер таңдау керек. Балаларды сеніп тапсыратын білімі мен тәжірибесі шыңдалған адам болуы шарт. Бұл сұрақтардың барлығы шешімін табады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы