387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда мереке күні көлік ағыны рекордтық деңгейге жетті

  • 916

Қытайда Ұлттық мерекенің алғашқы күнінде күре жолдардағы көліктер ағыны рекордтық деңгейге жетті.

Бұл 1-7 қазан аралығындағы бір апталық демалысқа қатысты. Ел үкіметі осы күндері 7-орынға дейінгі жеңіл көліктердің барлығына магистральдарда тегін жүруге жағдай жасап отыр. Соның салдарынан аймақтар арасын жалғап жатқан маңызды жолдарда көлік ағыны күрт көбейіп кетті. Ресми мәлімет бойынша, мереке кезінде теміржол көлігін 14 миллионнан астам жолаушы пайдалануы тиіс. Алайда, мұндағы жүргіншілер саны да күрт артқан. Мәселен, Гуйчжоу провинциясының орталығы Гуйян қаласындағы вокзалда 100 мыңнан астам билет сатылып кеткен. Ал, көліктердің шектен тыс көбеюі ұзын-сонар кептелістерге әкеліп соқты.

Шанхай қаласында тұтас бір автомагистральда қатынас тоқтап қалды. Алайда елдегі ең ұлық мейрам кезіндегі бұл жағдайға халық қалыпты құбылыс ретінде қарайтын болған.

Хабар 24 телеарнасы