386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ полицейлері жеткіншекке қарсы қару қолданды

  • 563

АҚШ-та полицейлер оғынан қара нәсілді жасөспірім жараланды.

Оқыс оқиға Сент-Луис қаласында болған. Көшеде жүрген 14 жастағы жеткіншек тәртіп сақшысын көре сала қаша жөнеледі. Артынша атыс ашқан. Полицейлер де жауап ретінде оқ атқан. Қазір ауруханада жатқан оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. Негізі, соңғы уақытта АҚШ-та тәртіп сақшыларының қара нәсілділерге оқ ату дерегі жиілеп кетті. Өткен аптада ғана Калифорнияда ер адам офицерлердің қолынан опат болды. Ал жуырда Солтүстік Каролинада күштік құрылым өкілдері 7 баланың әкесін атып өлтірген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы