384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

  • 604
Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады фото: youthpolicycenter.kz

Жыл басынан бері Астана қаласының аумағында 12629 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 9534-і шағын бизнес саласында.

Биыл Жұмыспен қамту орталығы 10 бос орындар жәрмеңкесін өткізді, олардың нәтижесі бойынша 329 адам жұмысқа орналасты. Елордада еліміздегі ең төменгі жұмыссыздық деңгейі сақталып отыр – 4,7%, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмыспен қамту орталығына 10472 адам жүгінді. Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде 6117 адам жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 572 адам жастар практикасына қатысты, 111-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Айта кеткен жөн, 381 жас маман жастар практикасынан өтіп, 224 адам немесе 59%-ы жұмысқа орналастырылды. Даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында 693 жұмыссыз азамат оқу курсын тәмамдады. Қоғамдық жұмыстарға 1801 адам жіберілді. Жалпы алғанда, әлеуметтік қолдау шараларымен 8611 адам немесе жалпы жүгінген адамдардың 82,3%-ы қамтылды.

Хабар 24 телеарнасы