389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жалған доллар жасады деген күдікпен екі нигериялық ұсталды

  • 698

Шымкентте Нигерияның екі азаматы ұсталды.

Шетелдіктерге жалған доллар жасап сатпақ болды деген айып тағылып отыр. Олар қыркүйек айында оңтүстікке жұмыс іздеп барыпты. Күдіктілердің жымысқы әрекетін облыстық кіріс департаментінің мамандары әшкереледі. Алаяқтарды жалдамалы пәтерінде қолға түсірді. Тінту кезінде олардан жалған банкноттар табылған. Бірақ нақты көлемі жарияланбады. Қазіргі таңда олардың қанша қаржы жаратып үлгергені анықталуда. Шетел азаматтарына сот залында аудармашы шақырылды. Өйткені олар не қазақ, не орыс тілін білмейтін болып шықты. Күдіктілердің бірінің елінде әйелі мен балалары бар екен. Екеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ғани Байарыстан, Әл-Фараби аудандық сотының судясы:

- ҚРҚК 231-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен күдікті деп танылып, сараланған Нигерия Федеративті Республикасының азаматы Обах Жузеф және оның қасындағы сыбайласы шетел валютасын, яғни АҚШ долларын жасау, сақтау өткізу мақсатында осындай қылмыс жасаған деп айыпталып отыр. Қазіргі таңда тергеушінің прокурор қолдаған талап-тілегі сотта қаралып, екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Хабар 24 телеарнасы