386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүниежүзілік банк еліміздегі ауыл жастарын оқытуға 7 млрд теңге бөлді

  • 592

Қаражат алдағы 3 жылға есептелген.

Бұл туралы Астанада өткен халықаралық конференцияда айтылды. Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясында өткен шараға екі елдің беделді мамандары қатысты. Жиналғандар жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі міндеттерді саралап, бос жүрген азаматтарды еңбекке баулу мәселесін сөз етті. Себебі елімізде 4 млн 200 мың жас бар. Оның тең жартысы оқу оқып, жұмыс істесе, 9,5%-ы еңбекке тартылмаған.

Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР БҒМ Жастар саясаты жөніндегі департамент директоры:

- Жұмыссыз жүрген, білім саласында жүрмеген жастар. Тренинг дейміз ғой, соларға қатыспайтын жастардың барлығы біздің әлеуметтік, мемлекеттік бағдарламалардың барлығынан тыс қалып жатады. Біздің әрбір қала, аудандарда қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, жастармен жұмыс жасайтын ресурстық орталықтар бар. Осы ресурстық орталықтардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы біз осы жастарды анықтап, олармен нақты жұмыс жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы