386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда газ жарылуынан үш адам ауыр жарақат алды

  • 566

Петропавл қаласындағы жеке секторлардың бірінде газ қондырғысы жарылып, үш адам жарақат алды.

Оқиға күндізгі сағат 16.00 шамасында тіркелген. Жедел жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынды көпірікпен сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес арнайы техника мен 22 адам жұмылдырылды. Ал зардап шеккендердің екеуі №3 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы біреуінің бетін күйік шалған. Қазір жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Автор: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы