386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 12,5 пайызға дейін төмендетті

  • 799

Қазақстандықтар үшін несие арзандауы мүмкін.

Себебі Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 13-тен 12,5%-ға төмендетті. Бұл туралы еліміздің бас банкирі Данияр Ақышев хабарлады. Ал пайыздың құбылу деңгейі өзгеріссіз қалды. Бұған сыртқы және ішкі нарықтағы жағымды жаңалықтар себеп болыпты. Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне мұнай бағасының тұрақтануы септігін тигізді. Қазір қара алтынның құны барреліне 45-50 доллар. Сондай-ақ сауда әріптес елдердегі валютаның құбылуы азайып, бұл да оң әсер етіп отыр. Ақышевтың айтуынша, Қазақстанда жағымсыз инфляциялық және девальвациялық болжамдар төмендеді. Ұлттық банктің есебі бойынша 2017 жылы инфляция 6-8%-ды құрайды. «Ал валюта нарығындағы бүгінгі ахуал тұрақтанды», - дейді бас банкир. Қыркүйек айында теңге бағамы 1,5%-ға нығайып, бір доллардың құны 340 теңге 10 тиыннан 335 теңге 50 тиынды құрады. Есесіне, Ұлттық банк интервенция жүргізген жоқ.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы

- Бүгінде теңге бағамы тұрақтанды. Оның құбылуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар жоқ. 2016 жылдың қыркүйек айында Ұлттық банк валюта нарығында интервенция жүргізген жоқ.

Ал егер инфляциялық үрдіс пен жылдық инфляцияның төмендеуі бәсеңдеп, теңге депозиттері тұрақты өсетін болса, негізгі пайыздық мөлшерлеме тағы азаюы мүмкін. Бұл туралы тиісті шешім қарашаның 14-і жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы