389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Kazakhstan Open 2016» гольф турнирінде Сэм Уокер ең үздік нәтиже көрсетті

  • 635

Элизабет Тұрсынбаева Канадада өткен халықаралық турнирың қола жүлдегері атанды.

Мәнерлеп сырғанау өнерінің үздік 18 спортшысы қатысқан әлемдік жарыста Америка атынан өнер көрсеткен Мирай Нагасу топ жарды. Күміс канадалық Ален Шартранның еншісінде.

«Kazakhstan Open 2016» гольф турнирі өз мәресіне жетті. Осымен 12-мәрте ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеде британдық Сэм Уокер ең үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, ол Еуропа Челлендж туры аясындағы екінші жеңісін тойлады. Жалпы биылғы додаға 27 елден 120 спортшы қатысқан болатын. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпазға ұйымдастырушылар 72 мың еуро көлемінде сыйақы табыстады.

«Астана» кезекті чемпиондыққа бір табан жақындай түсті. Өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдаған елордалықтар лайықты жеңіске жетті. Премьер-лиганың 29-туры аясында өткен бұл ойында алаң иелері алғашқы минутта-ақ есеп ашты. Сөйтіп, Патрик Твумаси биылғы маусымда ең жылдам соғылған голдың авторы атанды. Үзілістен кейін шабуылды үдете түскен Станимир Стойлов шәкірттері есепті еселеді. Бұл жерде де Дмитрий Шомко аяғына сап берген допты Азат Нұрғалиев қақпаға бағыттап, мүлт кетпеді. Ал қорытынды есепті орнатқан Патрик Твумаси. Есеп 3:0. Осы матчтан кейін елордалық ұжымның екінші орында келе жатқан «Қайраттан» басымдылығы 6 ұпайға артты. Енді 16 қазан күні болатын 30-турда осы екі команда Алматыда кездесетін болады. Ал турнирлік кестенің үшінші сатысына «Ертіс» нық отырған. Дегенмен, шымкенттік «Ордабасының» да қоладан үміті бар. Екінші алтылықта қостанайлық «Тобыл» көш бастап тұр. Соңғы орыннан құтылу үшін жанталасып жатқан «Тараз» бен «Ақжайықтың» бәсекесі алдағы турларда қыза түспек.

Енді Еуропа футболына тоқталсақ. Жалпы өткен турда Кәрі құрлықтың басты чемпионаттырының фавориттері сүрінді. Испания біріншілігінде ғана емес, жалпы Еуропада қарсылас шыдатпайдын «Барселона» бұл жолы «Сельтаға» 4:3 есебімен ұтылды. Шабуылда ширақ ойнаған алаң иелері бірінші таймның өзінде «Барселона» қақпасына 3 доп тоғытты. Есеп ашқан Пионе Систо. Көп ұзамай Яго Аспас есепті еселеді. Қорғаныстағы өрескел қателіктің кесіренен Жереми Матье да автогол иесі атанып, каталондық жанкүйерлерді жерге қаратты. Екінші таймда «Барселона» ойыншылары үш гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда қақпашы Марк-Андре Терштегеннің өрескел қателігінен кейін мүлде салы суға кетті. Жетінші турдан кейін «Барселона» әзірге турнир кестесінің 4сатысында тұр. Ал көш басында мадридттық «Атлетико».

Хабар 24 телеарнасы