389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 314 колледж дуальді білім беру жүйесіне көшкен

  • 810

Елімізде дуалды білім берудің деңгейі қандай?

Бұл сұраққа жауап алу үшін шетелдік сарапшылар Астанаға арнайы келді. Шығыс Еуропа мемлекететтері мен Қазақстанға арналған Skills Connection өңірлік жобасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқосу өтті. 2014 жылы дуалды білім беру жүйесі бойынша жол картасы әзірленді. Қазір осы бастама аясында 17 мың студент білім алып жатыр. Яғни 314 колледж бұл жүйеге көшіп үлгерді. Өзге елдің өкілдері Қазақстандағы жобаның жүзеге асуын егжей-тегжейлі зерттеп, үздік тәжірибені өздеріне ендіруді көздеп отыр.

Динара Шәрібаева, ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы:

- Бүгінгі бізге келіп отырған қонақтарымыз Қазақстанда дуальді білім беру жүйесі қалай енгізілуде, осы жұмыс берушімен білім мекемелері қандай жұмыс жасауда және де осы жұмысты қалай алға қойды екен, сол мақсатпен бізге келіп отырғандар Армения, Грузия және Молдова мемлекеттерінің сарапшылары.

Хабар 24 телеарнасы