386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Алиментаруис кодексі» комиссиясының 30-сессиясы өтті

  • 703

Қазақстан азық-түлік өнімдерін дүниежүзілік нарыққа еркін экспорттайды.

Тек тағам түрлері стандартқа сай әзірленіп, қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс. Бүгін елордада басталған «Алиментаруис кодексі» комиссиясының 30-сессиясында осы мәселе сөз болды. Қатысушылар әлемдік құжатқа жаңа ереже енгізуге мүдделі. Ал еліміз стандартқа сай азық-түлік экспорттауды көздейді. Жиынға әлемнің 53 елінен 200 делегат қатысып, сапа мен сауданы реттейтін жаңа талаптар ұсынды. Жалпы тағам өнімдері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған «Алиментаруис кодексіне» сай дайындалуы керек.

Айта кеткен жөн, жыл сайын комиссияға мүше 186 мемлекеттің өкілі бас қосып, өзекті мәселелерді ортаға салады. Биылғы сессия Орталық Азия мемлекетінде алғаш рет ұйымдастырылды.

Әлиақпар Мәтішев, ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі сессия Қазақстанда 5 күн өтеді. 5 күн өткенде Еуропада, әлемдік тағамдардың қандай стандарттары бар болу керек екені шешіледі. Бұның бәрі Қазақстан ДСҰ-ға кірді. Бұл біздің Қазақстандағы бизнеске үлкен көмек, жәрдем болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы