386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда XII «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

  • 804

Алматыда өткен XII Еуразиялық кинофестивальде «Бөтен үй» картинасы ең үздік кино атанды.

Режиссер Русудан Глурджидзе түсірген туынды әлемнің 120-ға жуық фильмімен бәсекеге түскен еді. Кино саласындағы өзге де майталмандар марапатталып, түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

7 күн бойы халық сүйікті актерлерімен жүздесіп, 100-ден астам фильмді тегін тамашалады. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау салтанатында үздік актер аталымы бойынша жүделі болған қазақ кинемотографиясының ардагері, бүгінде жасы 90-нан асқан Қазақстанның халық әртісі Юрий Померанцевқа көпшілік орнынан тұрып, қошемет көрсетті.

Грузиялық режиссер Русудан Глурджидзенің «Бөтен үй» киносы бас жүлдеге лайық деп танылды. Ал Әділхан Ержанов үздік режиссер, Эммануэль Дево үздік актриса атанды.

Рашид Нұғманов, XII Еуразия кинофестивалінің бас директоры:

- Мұндай фестивальдер кино саласындағы мамандардың одан әрі ізденуіне, алға ұмтылуына ықпал етеді, ой салады. Әріптестеріміздің еңбегі бағаланып жатыр. Осы шара аясында оларға көпшілік назар аударып, коммерциялық ұсыныстар да түсуі мүмкін.

XII Еуразия кинофестивалін ұйымдастыруға мемлекет тарапынан 140 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер де қолдау білдірді. Айта кеткен жөн, фестивальге қатысқан туындыларға Досхан Жолжақсынов, Валерий Тодоровский. Нин Ин, Актан Арым Кубат, Реза Миркарими және Гримур Хаконарсон төрелік етті.

Авторлары: Гауһар Омарбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы