386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия билігі елдегі төтенше жағдайды тағы 90 күнге ұзартты

  • 604

Түркия билігі елдегі төңкерістен кейін енгізілген төтенше жағдайды тағы 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Түркия премьер-министрі Нуман Куртулмуш мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС:

Түркияда төтенше жағдай 15 шілде күні болған әскери төңкерістен кейін 21 шілдеде үш ай мерзімге енгізілген болатын. Түркия билігі төңкерісті АҚШ-та тұрып жатқан Фетхуллах Гюлен ұйымдастырды деп айыптап отыр.

Түркияда 16 шілдеге қараған түні Қарулы күштердің сарбаздары мен офицерлері бүлік шығарды. Негізгі қақтығыстар Анкара мен Ыстамбұлда болып, 246 адам қаза болды. Тағы екі мыңнан астам адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы