386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерорта теңізінде 6 мың босқын құтқарылды

  • 552

Соңғы тәулікте Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан 6 мыңнан астам босқын құтқарылды.

Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлады. Италия жағалау қызметінің мәліметінше, босқындар әрбіріне 725 адамнан отырып, 40 кемемен Еуропаға жетпек болған. Дені Нигерия, Бангладеш және Эритерия елінің азаматтары. Жолдағы ауыр азаптан 9 мигрант қайықта қаза тапқан. Оларды құтқару операциясына Ливия жағалау қызметінің су көліктері мен Италия әскери теңіз күштерінің кемелері жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы