387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада №49 және №55 қалалық көлік бағыттары оңтайландырылады

  • 705
Елордада №49 және №55 қалалық көлік бағыттары оңтайландырылады Фото: astana.gov.kz

5 қазаннан бастап қалалық бағдар желілерін оңтайландыру барысында №49 және №55 бағдарлар №15 бағдарға біріктіріледі.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аталған бағдар: «Железнодорожный» т/а-нан «Арнау» тұрғын үй кешеніне дейін келесі сызба бойынша жол жүреді: «Железнодорожный» т/а – Ш.Құдайбердіұлы даңғылы – Майлин көшесі – М.Жұмабаев даңғылы – Б.Момышұлы даңғылы – Орынбор көшесі – «Арнау» т/к.

Кері бағытта аталған бекітілген жол қозғалысы сызбалары бойынша жүреді.

 

Хабар 24 телеарнасы