386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бундестаг депутаттары Қазақстандағы ұлтаралық татулық моделін зерттейді

  • 743

Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдері мен Бундестаг депуттары еліміздегі ұлтаралық келісім моделінің тәжірибесін зерттеп, оны Еуропа елдерінде қолданбақ.

Осы мақсатта Алматыға келген халықаралық деллегация, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Тап қазіргі таңда Ұлтаралық татулық пен бейбітшілік өте өзекті мәселе. Кәрі құрлықтағы жергілікті тұрғындар мен Таяу Шығыстан бас сауғалап барған босқындар арасындағы әлеуметтік жанжалдар мен текетірес күрделі мәселеге айналды. Бұл ретте еліміздегі ұлттаралық татулық моделіне деген қызығушылық артып отыр. Мысалы, соңғы жарты жылдың өзінде қазақстандық татулық тәжірибесін зерттеуге 24 елден делегация келген.

Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары:

- Еуразиялық Берлин клубының қарым-қатынасында біз бірнеше жылдан бері бірге жүріп жатырмыз. Бүгін сол тәжірибені ескере отырып, осындай біраз қонақтарымыз келді. Соның бәрі жалпы модельдің бірлік саясатында қоғамдық келісімге тікелей әсерін тигізетін болса, біз оны тек қана қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы