388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі елдің кәсіпкерлері $3 млрд құрайтын ортақ келісім жасасты

  • 701

Қазақстанда ресейлік кәсіпкерлердің бизнес жүргізуі үшін тиімді жағдай жасалады.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ХІІІ өңіраралық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Кездесу қос елдің іскер азаматтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сеп болды. Тараптар құны 3 млрд долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойды.

Қазақстан мен Ресей ынтымағы сан саланы қамтиды. Экономикалық серіктестік – соның негізгісі. Бизнесмендердің барыс-келісі де, аймақтардың алыс-берісі де жаман емес бұл тұрғыда. Екі ел көшбасшылары сауда-саттыққа қарқын беруде. Бұл орайда бизнес-форумның мәні зор. Екі елдің мыңға тарта жетекші кәсіпкері бас қосты.

Ресей біздің ең ірі сауда серіктесіміз. Бүгінде елімізде Ресей капиталының қатысуымен 6 мыңдай кәсіпорын жұмыс жасайды. 7,5 мың шақырымға созылған шекараның арғы жағы мен бергі жағы да ауыл-аймақ, қала-мекендер. Бақандай жеті өңіріміз осы көршіге іргелес орналасқан. Шекара демесеңіз, емін-еркін қатынауға, сауда-саттық жасауға кедергі жоқ. Екі ауыл, екі облыс болып серіктестік те орнап қойған. Енді байланыстарды бекемдейтін кезең туып отыр. Бұл бір кеңістікте жүрген екі елдің де бизнесіне тиімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вкладывая в экономику Казахстана, российский бизнес будет находиться почти в домашних для себя условиях, мы это сделаем. Мы осознаем, насколько больше по объему и технологическому опыту экономика России, чем Казахстана. Мы выбираемся из определенного нам положения в бывшем Союзе - сырьевой экономики, тем ценнее и незабываемее будет сейчас поддержка и помощь российского бизнеса в нашей работе по индустриализации Казахстана и инфраструктурным проектам.

Кәсіпкерлер бүгін 3 млрд долларды құрайтын 60-қа жуық келісім жасады. Бұл қаражат екі елдің көлік, логистика инфрақұрылымын дамытуға, бірлескен ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Взаимный интерес наших государств лежит в плоскости создания мощной транспортно-логистической инфраструктуры между Европой и Азией. Россия и Казахстан ведут большую работу в этом направлении. Мы на своей территории уже сформировали транспортный коридор с востока на запад, с севера на юг.

Көлік-транзит әлеуетін арттыру қос мемлекеттің көздегені. Бұл орайда сауда-саттықты айтпағанда, инфрақұрылымдық тоқсауылдар да жоқ емес. Ресей тарапы мұндай кедергілерді түп-тамырымен жоюға мүдделі екенін жасырмады.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Көптеген негізгі мәселелерді ертеде шешіп тастаған сияқты едік. Ол тауар тасымалына қатысты инфрақұрылым ахуалы. Шекарадан өтуге мүмкіндік беретін қарапайым мәселелер сияқты еді. Алайда, шектеулер әлі қалып отыр. Бұл инфрақұрылымдық шектеулер. Қазақстан тарапы өз жерінде жол салды. Ал біздің жақта әзірге жол жоқ. Өткізу пункттері де біздің мүмкіндіктерімізді шектеп отыр.

Алдағы уақытта өзара сауда жасау жеңілдей түседі. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің пікірі бір жерден табылды. Жыл соңына дейін кедендік заңнамалар сүзгіден өтіп, бір кеңістіктегі кәсіпкерлер үшін ортақ мүмкіндіктерге жол ашылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Стратегическая задача предоставить предприятиям возможность свободой конкуренции на пространстве ЕАЭС. Этому будет способствовать дальнейшая модификация нашего законодательства. В текущем году завершится подготовка нового таможенного кодекса ЕАЭС. Он значительно упростит все таможенные процедуры между нашими странами. Торговля с третьими странами, применяются единые меры нетарифного регулирования. Достигнута договоренность о последовательном и поэтапном создании единого транспортного пространства.

Бұл ережелер қабылданған соң, екі елде де бірлескен жобаларды жүзеге асыру артатыны анық. Қазірдің өзінде күн тәртібінде 20 млрд долларды құрайтын тағы 60 жоба бар. Олар да кезек күттірмес. Бастысы, тараптар сыртқы факторлардың әсерінен бәсеңдеп бара жатқан сауда айналымына серпін бермек. Ол бизнес қауымдастыққа жүктеліп отыр. Былтыр алыс-беріс 15 млрд доллар шамасында болды.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков

Хабар 24 телеарнасы