375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде азық-түлік марафоны ұйымдастырылды

  • 811

180 тонна ет, 60 тонна ірімшік, балықтың 200 түрі.

Мәскеуде екі апта бойы өткен азық-түлік марафоны барысында Ресейдің түрлі аймағынан әкелінген өнімдердің сатылуы рекордтық көрсеткішке жетті. Санкция тәртібі енгізілгеннен кейін өз елінде жасалған деликатестер өтімді болып тұр. Мыңдаған шақырымда жатқан аймақтардан Мәскеудегі жәрмеңкеге тірідей теңіз кірпілері, шаяндар мен трепанг жеткізілген. Күзгі азық-түлік фестивалі балық апталығымен аяқталды. Түрке балық, бекіре, пикша, барабулька, теңіз ирекшелері, каспий майшабағы, қызыл, қара уылдырық жәрмеңкеде осы тектес 200 тоннадай балық пен теңіз деликатестері сатылды. Өнімдер Владивосток, Мурманск, Астрахань, Камчатка және Сахалиннен жеткізілген. Фестиваль аясында белгілі аспаздар шеберлік сағаттарын өткізіп, әртістер мен музыканттар өнер көрсетті. 

Хабар 24 телеарнасы