378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Бишімбаев: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылдық жоспардың 53% игерілді

  • 1887
Қ.Бишімбаев: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылдық жоспардың 53% игерілді primeminister.kz

«Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы соңғы жылдар ішінде Қазақстанның экономикалық өсімінің және жұмыспен қамтудың негізгі локомотивтерінің біріне айналды. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Мәселен, 2015 жылы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігі ЖІӨ өсімінде 1,3% құрады, ал ағымдағы жылы 1,2% деңгейінде бағаланып отыр. 2016 жылы Ұлттық қордан бағдарламаны жүзеге асыруға 769,6 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 503,4 млрд теңге мақсатты трансферттер түрінде республикалық бюджетке және 266,2 млрд теңге ұлттық холдингтердің облигациялық займдары арқылы қарастырылған», – деді Қ.Бишімбаев.

Министр қаржыландыру жоспарына сәйкес, мақсатты трансферттер бойынша 331 млрд теңгеден бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 323,6 млрд теңгені немесе 98%-ын игергенін атап өтті. Облигациялық займдар бойынша 2016 жылға қарастырылған 266,2 млрд теңгеден 210,7 млрд теңге сомасына келісімшарттар жасалып, 84,7 млрд теңгесі игерілген.

«Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша 408,3 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 53% игерілді», – деп атап өтті Қ.Бишімбаев.

Хабар 24 телеарнасы