384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Boeing Марсқа Илон Масктан бұрын жетуді көздейді

  • 477
Boeing Марсқа Илон Масктан бұрын жетуді көздейді blogspot.com

Boeing компаниясының басшысы Деннис Муиленберг қызыл планетаға адамдарды Илон Масктың SpaceX компаниясынан бұрын ұшыруды жоспарлап қойыпты, деп хабарлайды Bloomberg.

«Марсқа ең бірінші болып табан тірейтін адам Boeing компаниясының ғарыш кемесімен ұшып жететініне сенімдімін», -деп мәлімдеді Муиленберг арнайы конференцияда.  

Сондай-ақ Муиленберг келешекте жұрт бір құрлықтан екіншісіне небәрі екі сағаттан кем уақытта ұшып жететінін айтты. Ал Халықаралық ғарыш станциясында туристерге арналған бірнеше қонақүй ашуға болады екен.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы