388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулық жұмысшылардың талабын орындау үшін бір ай уақыт керек

  • 536

Маңғыстау облысындағы «Бұрғылау» серіктестігі жұмысшылары көтерген талаптарды зерделеу үшін бір ай уақыт керек.

Бұл туралы арнайы брифингте кәсіпорын басшысы Дүйсенбай Таушанов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзен мұнайшылары бірегей еңбекақы жүйесіне көшуді, еңбек келісімшарт негізінде бонустарды төлеу, көлік жүргізушілері айлығын қайта есептеу мен еңбек демалысына қатысты туындаған сұрақтардың оң шешілуін сұраған еді. Компания басшылары «кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы 350-400 мың теңге аралығында, бұл лайықты еңбекақы деп ойлаймыз. Алайда, серіктестіктің экономикалық әлеуетін 1 айдың ішінде таразылап, бір шешімге келеміз», - деп отыр.

Дүйсенбай Таушанов, «Бұрғылау» ЖШС бас директоры:

- Кеше жұмысшылар өкілдерімен отырған кезде, бір ай уақытта біз бұл талаптың орындалып-орындалмауы экономикалық жағын қараған соң қабылданады дедік.

Бекарыс Төлесінов, мұнайшы:

- Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оң шешім шығарып берсе деген ниеттеміз.

Хабар 24 телеарнасы