389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Е.Сағадиев: Ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар

  • 826
Е.Сағадиев: Ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар

Үкімет отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге Еңбек кодексін қатаң сақтаудың қажеттігін, «ата-аналарға балаларын тәрбиелеуге жағдай жасап, оларды уақтылы, сағат 18:00-ден кейін үйлеріне жіберудің» қажеттігін айтты.

Е.Сағадиев көптеген ата-аналардың өздерінің жұмыстарының кесірінен балаларына қажетті тәрбиені бере алмайтындығын айтып өтті.

«Балаларды тәрбиелеуге деген ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі төмендейді. Себебі, ата-аналар үнемі жұмыста болады да, балаларын тәрбиелеуге мүлдем уақыттары қалмайды. Олардың ішінде көптеген мемлекеттік қызметкерлер де бар. Біз, жұмыс берушілер ата-аналарды уақтылы, сағат 18:00-ден кейін үйлеріне жіберіп тұруы керек деп есептейміз. Мұндай практика өте қажет», - деді Е.Сағадиев.

Министр жұмыс берушілердің Еңбек кодексіндегі ережелерді дұрыс сақтау керектігіне ерекше назар аударды, себебі, ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар екендігін айтты.

«Ата-аналардың жұмыста кідіруінің балаларға келіп тиетін үлкен әлеуметтік құны бар. Бала тәрбиесі мен бүгін талқыға салынып отырған мәселелерді шешудегі ата-ана – біздің бүгінгі таңда өте төмен деңгейдегі ең салмақты әрі тиімді ресурсымыз. Біз Еңбек кодексін бұрынғыдан да қатаңырақ ұстануды бастау керек деп есептейміз. Бұндай жағдайда ата-аналар үйлеріндегі балаларына ертерек келіп, оларды тәрбиелеу үдерісіне белсенді араласа бастайды. Және де бақылауды мемлекеттік органдардан бастаған жөн. Балалардың бақылаусыз уақыт өткізуі түрлі бейәлеуметтік әрекеттерге әкелетіні барлықтарыңызға мәлім», - деді Е.Сағадиев.

ҚР БҒМ мәліметі бойынша, бүгінгі таңда ата-ана жиналысына ата-аналардың жалпы санының тек 10-12% ғана қатысады.

«Қазіргі кезде ата-ана жиналысына ата-аналардың жалпы санының тек 10-12% ғана қатысады. Біздің есеп бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50% мектептерге келмеген», - деді Е.Сағадиев. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы