384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Чемпиондар аллеясы» пайда болды

  • 936

Бүгін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ғашықтар саябағында» шырша отырғызып, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

«Чемпиондар аллеясының» дәл осы саябақта орын тебуі кездейсоқ емес. «Ғашықтар саябағы» қала тұрғындары мен қонақтарының бой сергітетін сүйікті орындарының бірі. Аталған аллеяға алғашқылардың бірі болып тал отырғызған спортшылардың қатарында Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Гүзель Манюрова, Карина Горичева, Зульфия Ғабидуллина, Раушан Қойшыбаева сынды Риодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында ел абыройын асырған саңлақтар болды. Астана қаласының әкімдігі мен Ұлттық Олимпиадалық комиттеттің ұйытқы болуымен өткен игі шараға Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров бастаған бір топ ел спортының мақтаныштары атсалысты.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

- Қазақта сөз бар. Бір тал қырықсаң, екі тал ек деген қазақта сөз бар. Сондықтан да ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өсіп-өну үшін осындай ырымды жасауымыз керек. Астана қаласы әкімшілігі мен конфедерация мүшелеріне, бүкіл спорт қауымына осыны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы