387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тіркелген қылмыс саны 3,5 пайызға азайды

  • 1037

Бүгін Үкімет отырысында қылмыстық ахуалды баяндаған бас полицей Қалмұханбет Қасымов өткен жылдардағы сандарды салыстыра отырып, оң көрсеткіштің бар екенін айтты.

Алайда полицейлер қанша тырысқанымен, ұры-қарылардың әрекетін әлі күнге дейін тыя алмай келеді. Жасалатын қылмыстың 60%-ы пәтер тонау, ұялы телефондар мен көліктерді қолды ету, ауылдағы ағайынның қорасындағы малын ұрлайтындарға тиесілі. Балалар арасындағы қылмыс саны да биыл 11%-ға артқан. Кәмелеттік жасқа толмаған 11 мың бала бақылауда тұр.

«Ұрпақ қауіпсіздігі полицейлердің басты назарында», - дейді министр. Биыл кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдататын  бірқатар заңнамалық шаралар қабылданбақ.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін біздің тарапымыздан мақсатты шаралар қабылдануда. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 41%-ға қысқарды, кәмелеттік жасқа толмағандарды жыныстық зорлауға байланысты қылмыстар 15%-ға, оның ішінде зорлық-зомбылық 40%-ға кеміді.

Хабар 24 телеарнасы