384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында авиация зауыты салынады

  • 802

Өңірде 2020 жылдан бастап жолаушылар мен көліктік ұшақтар құрастырылады.

Жоспар бойынша өндіріс ошағы жылына 70 әуе кемесін жасауы тиіс. Петропавлда өткен «Қызылжар Инвест-2016» халықаралық инвестициялық форумында Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері осындай келісімге келді. Жиын қорытындысы бойынша тағы да машина жасау, жер қойнауын пайдалану, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы салалары бойынша 207 млрд теңгенің 22 құжатына қол қойылды.

Михаил Гончаров, Г.М.Бериев атындағы Авиациялық ғылыми-техникалық кешені бас директорының орынбасары (Ресей):

- Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге Бе-103 мен жаңа Бе-132 ұшақтарын құрастыруды жоспарлап отырмыз. Соңғысы 26 жолаушыға арналған. Сонымен қатар Бе-200 ЧС іздестіру-құтқару әуе кемесін шығарамыз. Бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де маңызды жоба.

Хабар 24 телеарнасы