377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда 23 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топқа қатысты сот ісі басталды

  • 885
Қостанайда 23 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топқа қатысты сот ісі басталды фото: ural.aif.ru

Қостанайда талайды зар қақсатқан «қара риелторлардың» ісіне қатысты сот процесі басталды.

Сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ алаяқтық жолмен 23 пәтерді иеленіп кеткен. Арам ойларын жүзеге асыру үшін олар тіпті адам өлтіруден де тайынбаған. Айыпталушылардың біреуі әйел. Жас шамалары 28-ден 51 жас аралығында. Олардың қылмысты істері 66 томды құраған. Ұйымдасқан топ 8 жыл бойы Қостанайда тұрғындардың пәтерлерін заңсыз меншіктеумен айналысқан. Баспаналарынан айырылғандардың дені ішімдікке салынғандар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер. Қылмысты іс материалдары бойынша олардың қолынан үш адам ажал құшқан. Біреуі әлі күнге іс-түзсіз жоғалғандардың есебінде. Қанды іздерін жасыру үшін мәйіттерді бөлшектеп, отқа жағып, жерге көміп отырған. «Қара риелторлардың» ісін қараған бүгінгі алғашқы сот отырысында айыптаушы прокурор бір сағатқа жуық тергеу нәтижесінде жиналған осындай дәйектер мен дәлелдемелерді тізіп шықты. Біз сот процесі қалай өрбейтіндігін бақылауда ұстайтын боламыз.

Авторы: Абылай Мауданов

Хабар 24 телеарнасы