385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия студенттері бас көтерді

  • 568

Көшеге шыққан жастар «оқу тегін болсын!» деп талап қойып отыр.

Мұндай ереуілдер елдің 50 қаласында өткен. Олар үкіметтің білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалары мен қаржыландырудың қысқаруына қарсы бас көтерді. Оның үстіне Италияда әрбір төртінші жас жұмыссыз. Шеруге шыққандардың пікірі бойынша білім алуға тек байлардың ғана қолы жетеді. Римдегі наразылық соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Миланда жастар бір мектептің ғимаратын басып алмақ болған. Оларды тәртіп сақшылары күшпен қуып таратты.

Алессио Анджелуччи, ереуілші:

- Бұл ереуіл біздің үкімет пен жалпы Еуропаға жолдаған үндеуіміз. Премьер Ренци толық қолдап отырған еуропалық саясат білім берудің мемлекеттік жүйесін құрдымға жіберді. Халықтың бәрі бірдей білім алып жатқан жоқ. Мұндай мүмкіндік тең дәрежеде берілмей отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы