389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін «Бәйтерек» холдингі өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды

  • 731
Бүгін «Бәйтерек» холдингі өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды фото: vashdom.tut.by

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Қордың кепілдігін алу үшін құрылыс салушылардан өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды.

Жаңа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы, ақшаны орынсыз пайдалану, сот шешімі бойынша құрылыс салушының дәрменсіздігі.

Жалпы тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске асыру үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге құрылыс саласының ашықтығы мен құрылыс салушының жауапкершілігін жоғарлатады.

Хабар 24 телеарнасы