384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литвада парламент құрамына 7 саяси партия кіруі мүмкін

  • 888

Литва Республикасының парламентіне елдегі 7 саяси партияның мүшесі кіруі мүмкін.

Кеше өткен парламент сайлауының алдын-ала қорытындысы осындай. Әзірге жүргізілген санақ бойынша, тұрғындардың 25 пайызы «Шаруалар және жасыл одағына» басымдық берген. Ал екінші орында «Отан одағы» тұр. Үшінші орында елдің Премьер-министрі басқаратын партия орныққан. Айта кеткен жөн, парламентте айқын басымдыққа ие болған «Шаруалар және жасыл одағы» 10 жыл бұрын құрылған. Алайда осы уақытқа дейін, яғни 2012 жылы өткен парламент сайлауында бір ғана депутаттық мандатқа иелік еткен. Естеріңізге салайық, биыл депутаттық мандат үшін 12 партия мен екі партиялық коалиция және өзін-өзі ұсынған 26 үміткер бәсекеге түсті.

Хабар 24 телеарнасы