384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия Малидегі ахуалды тұрақтандыруға ниетті

  • 571

Германия билігі Малидің солтүстігінде ушыққан кикілжіңдерді тұрақтандыруға ниетті.

Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель Африкаға жасаған сапарында мәлімдеді.

Ангела Меркель, Германия Канцлері:

- Біздің елімізде Малиден келген босқындар бар, бірақ олардың саны Франциямен салыстырғанда біршама аз. Мали Африка елдерінен Еуропаға бағыт алған адамдардың негізгі күре жолы. Осы жерлерден адам да, есірткі де тасымалданады. Сондықтан біз мұндағы жағдайды тұрақтандырып, осының барлығының бақылауда болғанын қалаймыз.

Канцлердің айтуынша, елдегі тыныштықты тек қана әскери жолмен шешу мүмкін емес. Сондықтан билік пен бүлікшілердің өткен жылы мамыр-мусымда қол жеткізген бейбіт келісімін өз дәрежесінде жүзеге асыру керек. Оған қоса канцлер Малидің ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп, Еуропаға оның ішінде Германияға осы бағыттан ағылған босқындар мәселесін де талқылаған. Айта кеткен жөн, Мали солтүстігіндегі үкімет әскері мен түрлі сепаратистік топтар арасындағы кикілжің 2012 жылы басталған. Кейінгі кезде жағдай ушығып кеткендіктен билік 2017 жылдың наурызына дейін аймақта төтенше жағдай жариялады. 

Хабар 24 телеарнасы