376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чикагодағы марафонда кениялықтар үздік шықты

  • 620

Құстай ұшқан желаяқ Абель Керуй Чикагодағы дәстүрлі марафонда жеңімпаз атанды.

42 шақырымдық қашықтықты ол 2 сағат 11 минут 23 секундта жүгіріп өтті. Күміс жүлдені Диксон Чумба алса, қола жүлде кениялық спортшы Гидеон Кипкемойға бұйырды. Қыздар бәсекесіндегі жүлдегерлер түгел кениялықтар. Флоренс Киплагат қашықтықты 2 сағат 21 минут 32 секундта бағындырды. Ал одан кейін мәре сызығын Эдна Киплагат пен Валентина Кипкетер кесті. Паралимпиадашылар жарысында америкалық Татьяна МакФаден мен швейцариялық Марсель Хуг жеңіске жетті. 

Хабар 24 телеарнасы