389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда тұрғын үйлердің опырылып құлауынан қаза болғандар саны артты

  • 650

Қытайда 4 тұрғын үйдің опырылып құлауынан құрбан болғандар саны артты.

Соңғы мәлімет бойынша, көз жұмғандар көбейіп, 22 адамға жеткен. Тағы үйінді астынан шығарылған 6 тұрғын ауруханада жатыр. Бұған дейін 17 кісі ажал құшты деп хабарланған еді. Қазір апат аумағындағы іздеу-құтқару жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды.

Еске сала кетейік, Вэньчжоу қаласында 4 тұрғын үй 10 қазанда құлап түскен болатын. Билік жақын маңда орналасқан тағы 6 ғимаратты сүріп тастады. Сонымен қатар опырылған 6 қабатты үйлердің заңсыз салынғаны анықталған. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы