389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияда көтерілісшілер тобымен келіссөз 27 қазанда басталады

  • 892

Колумбия басшылығы елде ресми билікке қарсы соғыс жүргізіп келген екінші ірі солшыл көтерілісшілер тобымен келліссөз жүргізуге қол жеткізді.

«Ұлттық азат ету армиясы» деп аталатын топпен алғашқы кездесу осы айдың 27 күні Эквадор астанасы - Китода басталмақ. Ел басшысының айтуынша, бұл басқосуларда барлық түйткілді мәселелер талқыланатын болады. Айта кетейік, «Ұлттық азат ету армиясы» ресми Боготаға қарсы 1964 жылы құрылғалы бері соғысып келеді. Ол «Колумбияның революциялық қарулы күштерінен» кейінгі ірі қарулы топ. Оның құрамында 1500-ден астам жауынгер бар.

Хуан Мануэль Сантос, Колумбия президенті:

 

- Кездесу басты екі мәселені талқылаумен басталады. Оның бірі көтерілісшілердің бейбіт өмірге араласуы және тұрақтылық үшін гуманитарлық шараларды қолға алу болмақ.

Хабар 24 телеарнасы