387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде мүлікті жария ету шарасы аяқталуға жақын

  • 682

Өскеменде мүлкі мен ақшасын жария етушілер санын арттыру мақсатында арнайы флешмоб өтті.

Қала жастары шараның аяқталуына аз қалғанын ескертіп тұрғындарды өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауға үндеді. Облыстық мемлекеттік кірістер қызметінің мәліметінше, биыл департаментке 45 декларация өткізілген. Олардың арасында 3 жеке тұлға Түркия, Болгария сынды шет елдердегі мүліктерін заңдастырған. Ақшаларын жария етіп жатқандар да жетерлік. Әсіресе Семей қаласы алдыңғы орында тұр. Риддер және Өскемен тұрғындары да белсенділік танытып жатыр. Айта кеткен жөн, енді 2 жарым айдан соң жария мерзімі аяқталып, жалпы декларациялау басталады. Сол кезде заңдастырылмаған мүлігі мен ақшасы бар тұрғындар, оның қайдан келгенін дәлелді түсіндіре алмаса, бастары дауға қалуы ықтимал.

Әсем Тұрлыбекова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

- Шілде айында ғана заңдастырылған ақша 500 мың теңге болса, қазіргі таңдағы ақша 4 миллиард 496 миллион теңгеге жетіп отыр. Артықшылығы сол, бұрынғыдай оны банкте 5 жыл сақтаудың қажеті жоқ, енді ақшасы заңдастырылды деп саналған жария ету субъектілері бұл ақшаны алып, өздеріне керекті қажеттіліктерге жұмсай алады. 

Хабар 24 телеарнасы