388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Инфрақұрылыммен жабдықталған жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысына беріледі

  • 614

Атырау облысында ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тауып келеді.

Мәселен, Мақат ауданында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін беру жөніндегі өтініштер бір жыл ішінде қаралатын болады. Сәйкесінше, электр энергиясы су және газ сынды барлық инженерлік инфрақұрылым да тартылады. Облыс орталығы секілді қарқынды түрде ұлғаймаса да, елді мекендерде өсім байқалады. Жыл санап Мақат кентінің аумағы кеңейіп келеді. Бұған дейін жеке баспана салуға жер телімдерін беру тоқтатылған еді. Енді әкімдіктегілер кентті кеңейту бағыттарын айқындап, облыстық бюджеттен 200 миллион теңгедей қаржы бөлінген. Ауданның өзге де елді мекендерінде тұрғын үймен қамту жұмыстары жүйеге келтірілген. Доссор ауылында бюджеттік сала қызметкерлеріне арналып, 60 пәтерлі үйдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Пәтер кілттері келер жылдың көктемінде қоныс иелеріне табысталады деп жоспарланып отыр. Тұрғын үймен қатар ауылдарда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп келеді. Мәселен, Доссорда шипажайлық үлгідегі 100 орындық балабақша салынып жатыр. Одан өзге жуырда 300 бүлдіршінге арналған тағы бір бөбекжай құрылысы басталады. Жаңа мектептің де іргетасы қаланатын күн жақын. Барлық нысандардың қаржысы бөлінген.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Талғат Өтеғұлов, Әзілхан Уахитов.

Хабар 24 телеарнасы